Құрылым — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау салаларында басшылықты, Комитеттің құзыретінің шегінде реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы болып табылады.