Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті

    Комитет туралы

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі құзыреті шегінде медициналық қызметтер (көмек) көрсету және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Құрметті субъектілер!

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мемлекеттік көрсетілетін қызметттерді цифрландыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құқығына сәйкес дәрілік заттарды тіркеу рәсімдерін жетілдіру және « ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттарды сараптау» ақпараттық жүйесінде электронды құжат айналымына көшу ( «Жалпы процесс № 26» бөлімі ) шеңберінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып Комитет тіркеу куәліктеріне автоматтандырылған қол қою функционалы жүзеге асырылғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе арқылы келесі рәсімдер бойынша құжаттарды электрондық форматта қабылдау жүзеге асырылады: тіркеу дерекнамасын ЕАЭО (CK) құқығы талаптарына сәйкес келтіру; ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу. Ақпараттық жүйенің тиісті функционалын жүзеге асыру аяқталғанға дейін тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу және дәрілік заттарды қайта тіркеу рәсімдері қағаз жеткізгіште ұсыну арқылы жүзеге асырыла берді. Ақпараттық жүйенің функционалдық мүмкіндіктері дамыған сайын электрондық форматта қол жетімді тіркеу рәсімдерінің тізбесі кезең-кезеңімен кеңейтілетініне назар аударамыз. Қалаған рәсімдерді электрондық құжат айналымына ауыстыру туралы өтініш берушілерге қосымша хабарланатын болады. Ақпараттық жүйені енгізу өтініш берушілер, сараптама ұйымы және уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимылдың бірыңғай электрондық форматын қамтамасыз етеді, тіркеу рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, құжаттармен алмасу мерзімдерін қысқартуға, қағаз жеткізгіштерді пайдалануды барынша азайтуға, сондай-ақ тіркеу процесінің барлық кезеңдерінде құжаттардың сенімді сақталуына және қадағалануына ықпал етеді. Ақпараттық жүйенің порталы мына мекенжай бойынша қол жетімді: https://op26.ndda.kz . Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!

    10 тамыз 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қалай өтініш беруге болады?

    Жауап

    Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қалай өтініш беруге болады? Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне немесе оның аумақтық департаменттеріне келесі мәселелер бойынша жүгіне алады: медициналық көмектің сапасы; медициналық қызметтердің (көмектің) көрсетілуі; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы; медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау; медицина қызметкерлерін сертификаттау және аттестаттау; Комитеттің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер. Өтінішті қандай тәсілдермен беруге болады? Өтінішті келесі тәсілдердің бірі арқылы жолдауға болады: 1. eOtinish бірыңғай электрондық өтініштер платформасы арқылы eotinish.kz немесе egov.kz порталына кіріңіз; электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы авторизациядан өтіңіз; «Өтініш беру» қызметін таңдаңыз; алушы ретінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетін немесе тиісті аумақтық департаментті көрсетіңіз; өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қойып жіберіңіз. Өтініштің қаралу мәртебесін жеке кабинет арқылы бақылауға болады. 2. Жазбаша түрде Өтінішті пошта арқылы жіберуге немесе Комитеттің кеңсесіне жеке тапсыруға болады. 3. Телефон арқылы Анықтама және консультация алу үшін Call-орталыққа хабарласуға болады: +7 701 006 5900 Өтініште қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс? Өтініш Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63-бабының талаптарына сәйкес рәсімделуі қажет. Өтініште міндетті түрде: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН (бар болса), пошталық мекенжайы немесе заңды тұлғаның атауы, БСН (бар болса) және пошталық мекенжайы; өтініш жолданатын мемлекеттік органның атауы; өтініштің мәні; өтініш берілген күні; өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы не электрондық цифрлық қолтаңбасы көрсетілуі тиіс. Өтініш қанша уақыт ішінде қаралады? Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес: өтініштер, хабарламалар, сауалдар және ұсыныстар – 15 жұмыс күні ішінде ; шағымдар – 20 жұмыс күні ішінде қаралады. Қажет болған жағдайда қарау мерзімі (екі айдан аспайтын мерзімге) ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы өтініш берушіге алдын ала хабарланады. Қосымша ақпаратты қайдан алуға болады? Өтініш беру тәртібі, Комитеттің қызметі, аумақтық департаменттердің байланыс деректері және басқа да ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми сайтында орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk?lang=kk

    Ақпарат

    Медициналық ұйымдарды міндетті аккредиттеуді енгізудің реттеуші әсерін талдау бойынша онлайн талқылаудың қорытындылары туралы есеп.

    Жарияланды:
    Басқа

    Тиісті фармацевтикалық практикалар бойынша фармацевтикалық инспекторлардың тізілімі

    Жарияланды:
    Басқа

    2026 жылғы 6 қазандағы сертификат иелерінің тізілімі

    Жарияланды:
    Кесте

    2026 жылғы қазанға арналған тиісті фармацевтикалық практикалар талаптарына сәйкестігіне объектілерді инспекциялау кестесі

    Жарияланды:
    Тізілім

    Қазақстан Республикасында жариялануға жататын уәкілетті тұлғалар туралы мәліметтер тізілімі

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «DOSFARM» ЖШС-нің GMP сертификатын кері қайтарып алу туралы

    Жарияланды: