Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қалай өтініш беруге болады?
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қалай өтініш беруге болады?
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қалай өтініш беруге болады?
Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне немесе оның аумақтық департаменттеріне келесі мәселелер бойынша жүгіне алады:
- медициналық көмектің сапасы;
- медициналық қызметтердің (көмектің) көрсетілуі;
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы;
- медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;
- медицина қызметкерлерін сертификаттау және аттестаттау;
- Комитеттің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.
Өтінішті қандай тәсілдермен беруге болады?
Өтінішті келесі тәсілдердің бірі арқылы жолдауға болады:
1. eOtinish бірыңғай электрондық өтініштер платформасы арқылы
- eotinish.kz немесе egov.kz порталына кіріңіз;
- электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы авторизациядан өтіңіз;
- «Өтініш беру» қызметін таңдаңыз;
- алушы ретінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетін немесе тиісті аумақтық департаментті көрсетіңіз;
- өтініш нысанын толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қойып жіберіңіз.
Өтініштің қаралу мәртебесін жеке кабинет арқылы бақылауға болады.
2. Жазбаша түрде
Өтінішті пошта арқылы жіберуге немесе Комитеттің кеңсесіне жеке тапсыруға болады.
3. Телефон арқылы
Анықтама және консультация алу үшін Call-орталыққа хабарласуға болады:
+7 701 006 5900
Өтініште қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?
Өтініш Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63-бабының талаптарына сәйкес рәсімделуі қажет.
Өтініште міндетті түрде:
- жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН (бар болса), пошталық мекенжайы немесе заңды тұлғаның атауы, БСН (бар болса) және пошталық мекенжайы;
- өтініш жолданатын мемлекеттік органның атауы;
- өтініштің мәні;
- өтініш берілген күні;
- өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы не электрондық цифрлық қолтаңбасы көрсетілуі тиіс.
Өтініш қанша уақыт ішінде қаралады?
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес:
- өтініштер, хабарламалар, сауалдар және ұсыныстар – 15 жұмыс күні ішінде;
- шағымдар – 20 жұмыс күні ішінде қаралады.
Қажет болған жағдайда қарау мерзімі (екі айдан аспайтын мерзімге) ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы өтініш берушіге алдын ала хабарланады.
Қосымша ақпаратты қайдан алуға болады?
Өтініш беру тәртібі, Комитеттің қызметі, аумақтық департаменттердің байланыс деректері және басқа да ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми сайтында орналастырылған: