2026 жылғы 6 қарашада Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Білім беру және тәрбие объектілеріндегі инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу алгоритмі» тақырыбында онлайн-форматта облыстық семинар өткізді.
Семинар барысында түрлі этиологиядағы менингиттермен, жіті вирустық гепатиттермен және жұқпалы-тері ауруларымен сырқаттану саласындағы эпидемиологиялық ахуал мәселелері, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік ауруларды анықтау кезінде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері және іс-қимыл алгоритмдері қаралды.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде семинарға бас штаттан тыс дерматовенеролог қатысты, ол клиника және жұқпалы тері ауруларын диагностикалау мәселелері бойынша ақпарат ұсынды.
Семинарға Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары жәнебілімберу ментәрбие ұйымдарының медицина қызметкерлері қатысты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









