Заң және Тәртіп

    1 / 2

    Қостанай облысы әкімінің аппаратымен облыстық басқарма басшыларының, орынбасарларының, мамандардың, құқық бұзушылықтың алдын алуға жауапты лауазымды тұлғалардың және Қостанай облысы полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.

    Мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, 2026 жылға арналған "Заң және тәртіп" идеологиясын ілгерілету бойынша жылдық бағалау көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі нақты шаралар жоспарын іске асыру, деструктивті діни ағымдар идеологиясына қарсы іс-қимыл

    Спикерлер ретінде Қостанай облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Ж. Сюндиков, Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері, Е. С. Бегежанов - Қостанай облысы полиция департаментінің профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының аға инспекторы, Т.Б.Утин - Процессинг орталығының аға мемлекеттік автоинспекторы, Р.М.Смағұлов - әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы, С.А. Әбдиев - Қостанай облысы әкімдігі Дін істері басқармасының бөлім басшысы.

    Модератор К.Ж. Сюндиков құқық бұзушылықтардың негізгі үлесі көлік және жол шаруашылығы саласында жасалғанын атап өтті. Ол кеңеске қатысушылардың назарын мемлекеттік мекемелер басшыларының әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, бұзушылықтардың қайталануын алдын алу үшін жауапкершілігін арттыру қажеттігіне аударды.

    Полиция департаментінің өкілдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін бақылау және жауапкершілік шараларын күшейту бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Көшелерді, автожолдарды автоматты бақылау камераларымен, дрондармен, жасырын патрулдеу жүйелерімен жарақтандыру жүргізілуде. Бірқатар республикалық және облыстық автожолдарда көлік құралдарының "орташа жылдамдығын" белгілеу енгізілді.

    С.А.Әбдиев Қазақстан Республикасында қызметіне тыйым салынған деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-қимыл туралы хабардар етті.
    Семинар-кеңеске қатысушыларға "Заң мен Тәртіп" ақпараттық буклеттерін, дін мәселелері бойынша жадынамалар таратылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының әкімдігі" жаңалықтары