АУДАНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    1 / 8

    Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Ордабасы ауданында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді.

    Кездесулер Шұбар ауылдық округіндегі №18 колледжде және Шұбарсу ауылдық округіне қарасты Ынтымақ атындағы жалпы білім беретін мекемеде ұйымдастырылды.
    Жиындарға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ, аудандық «Әкелер мектебінің» төрағасы Лесбек Жүсіп, «Дінмұхаммед Қонаев» жалпы білім беретін мекемесі мен «Зерде» атындағы жалпы білім беретін мекеменің өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында спикерлер Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған ел дамуының басым бағыттарына, экономикалық жаңғыру, цифрландыру, білім беру сапасын арттыру, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне кеңінен тоқталды.

    Сонымен қатар, Жолдауда көтерілген міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығы атап өтілді.
    Жиын соңында қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, тақырып аясында пікір алмасты.

    Мұндай кездесулердің басты мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді халық арасында кеңінен насихаттау, азаматтардың саяси сауаттылығын арттыру және ел болашағына деген ортақ жауапкершілікті нығайту.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары