Қауіпсіздік – бәрімізге ортақ міндет!
Қатты жел кезінде шатырлар мен ғимараттардың қасбет қаптамаларының құлау қаупі артады.
Осыған байланысты төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз:
1. Шатырлар мен ғимараттардың қасбеттерін уақытылы тексеріп, олардың берік бекітілуін қамтамасыз етіңіздер.
2. Балкондарды, терезе жақтауларын, су ағарларды және маңдайшаларды берік бекітіңіздер.
3. Ғимараттардың сыртқы бөліктеріндегі босап тұрған немесе құлау қаупі бар заттарды уақытылы ретке келтіріңіздер.
Төтенше жағдай туындаған кезде:
112 / 101
Өз қауіпсіздігіңіз бен айналаңыздағы адамдардың өміріне жауапкершілікпен қараңыздар!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









