Ақсу ауданының әкімдігі

    Аудан туралы

    Жетісу облысы Ақсу ауданы әкімі аппаратының міндеті – аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында аудан әкімі мен әкімдіктің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру. Пайым - бұл аймақтық дамудың мүдделері мен қажеттіліктерін үйлестіре отырып, ұлттық саясатты жүргізу кезінде алдына қойылған міндеттерді тиімді шешетін жоғары кәсіби мемлекеттік орган.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Құрметті Ақсу ауданының тұрғындары!

    Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 202 6 жылғы 12 қазанда сағат 11.00 -д е Ақсу ауданы әкімдігі ғимаратының 2-қабатында ( Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, 5) аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазыла аласыз. Сондай-ақ сағат 11.30-да облыс әкімі М. Байсақұлы атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында (Жансүгіров ауылы, Мұратбаев көшесі, 1) аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді. Кездесудің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y =сілтемесі бойынша жүргізіледі.

    12 қазан 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Балабақшадан орын алу үшін баланы кезекке қою қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Балабақшадан орын алу үшін баланы кезекке қою Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 254 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою е-zhetysu.kz порталы арқылы жүзеге асады. Сайтқа сілтеме: http://e-zhetysu.kz Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен тіркеліңіз (ЭЦҚ). Кезекке өтінімді 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 бұйрыққа сәйкес бересіз және сіз көрсеткен телефон нөміріне немесе электронды поштаға кезек нөмірі көрсетілген хабарламаны күтіңіз. Өтініш берушіге: 1) кезекке қоюға өтініш беру, берілген өтінішті өзгерту, кезектен өтінішті қайтарып алу, мектепке дейінгі ұйымға берілген жолдаманы алу және жою, жолдаманың қолданылу мерзімін ұзарту, өтініш пен жолдаманың өзгеруі туралы хабарламаны алу; 2) жылына бір рет мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделілігін растау; 3) босаған орындар туралы ақпаратты зерделеу және мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға электрондық жолдаманы алу; 4) кезектілікті басқару жүйесінде үшінші тұлғаларға бермей, жеке кабинеттегі есептік мәліметтерді сақтау мүмкіндігі беріледі. Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін жалпы кезек елді мекенге (қала, ауыл, кент) тиістілігі бойынша, балалардың туған жылы бойынша және әр туған жылы үшін өз кезегі қалыптастырылады. Кезектердегі өтініштер өтініш берушінің өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады. Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі бір елді мекенде мектеп жасына дейінгі кезеңде кезекке кемінде 3 (үш) рет тұра алады. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс немесе бірінші кезекте жолдама алған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдағанда бір ай өткен соң жалпы кезекке тұрады және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымға жолдама алады. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың ата-анасы немесе заңды өкілі растайтын құжаттары болған жағдайда бір мезгілде бірнеше кезекте – жалпы кезекте, арнайы, санаториялық мектепке дейінгі ұйымға кезекте тұра алады. Өтініш беру және кезекте болу үшін баланың жасы ағымдағы оқу жылында 1 қыркүйекте 6 жастан аспайды (психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардан, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 6 жасқа толмаған балалардан басқа). Басқа мектепке дейінгі ұйымды таңдағанда, бала мектепке дейінгі ұйымнан шығарылады және баланың ата-анасы немесе заңды өкілі мектепке дейінгі ұйымға жолдама алуға кезекке тұру үшін өтініш береді. Кезектегі өтініштер: 1) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 52-бабының 3-тармағына сәйкес және "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 78-бабының 8-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардан кезектен тыс орын алуға құқығы бар балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері келіп түскенде; 2) "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармағына сәйкес педагогтердің балаларының; заңды өкілдері мүгедектер болып табылатын балалардың; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім балалардың; көп балалы отбасылардан шыққан балалардың; ерекше білім беруді қажет ететін балалардың; мүгедек баласы бар отбасындағы балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің мектепке дейінгі ұйымдардан бірінші кезекте орын алу үшін өтініштері келіп түскенде; 3) өтініштің жеңілдік мәртебесі өзгергенде; 4) өтінішті кері қайтарып алу нәтижесінде кезектен алынғанда; 5) жолдама берілгенде; 6) өтінішті тоқтату парағына, архивке орналастырғанда; 7) өтініш беруші мектепке дейінгі ұйымға орын алуға мүдделі болмаған жағдайда жаңартылады. Кезектердегі өтініштер әрбір топтың ішінде бір-біріне қатысты өтініш берген күні мен уақыты бойынша орналастырылады. Кезектен тыс орын алу бойынша өтініштер бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштердің алдына қойылады. Бірінші кезекте орын алу бойынша өтініштер жалпы негізде берілген өтініштердің арасында "үшеуге біреу" арақатынасында бөлінеді (басымдығы бар өтініш бірінші кезекте құқығы жалпы негізде берілген үш өтініштен кейін орналастырылады). Постановка ребенка на очередь для получения места в детском саду осуществляется в соответствии с приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 254 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сфере дошкольного образования». Постановка на очередь детей дошкольного возраста (до 6 лет) для направления в детские дошкольные организации осуществляется через портал е-zhetysu.kz. Ссылка на сайт: http://e-zhetysu.kz Зарегистрируйтесь с помощью электронной цифровой подписи (ЭЦП). Подайте заявку в очередь согласно приказу № 254 от 19 июня 2020 года и ждите уведомления с указанием номера очереди на указанную вами электронную почту и номер телефона. Заявителю предоставляется возможность: 1) подачи заявления на постановку в очередь, изменять уже поданное заявление, отзывать заявление из очереди, получать и аннулировать направление на зачисление в дошкольную организацию, продлевать срок действия направления, получать уведомление об изменении состояния заявления и направления; 2) подтверждения заинтересованности в получении места в дошкольную организацию; 3) изучения информации об освободившихся местах и получения электронного направления на зачисление в дошкольную организацию; 4) сохранения учетных данных личного кабинета системы управления очередью, не передавая их третьим лицам. Общая очередь для зачисления в дошкольные организации формируется по принадлежности к населенному пункту (город, село, поселок) по году рождения детей для каждого года рождения отдельно. Очередь в специальные дошкольные организации формируется внутри населенного пункта к конкретной дошкольной организации по году рождения детей, для каждого года рождения отдельно. Внутри очереди по годам рождения очередь разделяется по видам нарушений, имеющихся у детей, если дошкольная организация обеспечивает наличие групп с различными видами ухода, коррекции. Очередь в санаторные дошкольные организации формируется внутри населенного пункта к конкретной дошкольной организации по году рождения детей для каждого года рождения отдельно. Внутри очереди по годам рождения очередь разделяется по видам реабилитации/профилактики, если дошкольная организация обеспечивает наличие групп с различными видами реабилитации/профилактики. Заявления в очередях располагаются по дате и времени подачи заявления заявителем. Родитель или законный представитель ребенка становится в очередь в одном населенном пункте не более трех раз за период дошкольного возраста. Родитель или законный представитель ребенка, получивший внеочередное или первоочередное направление в государственную дошкольную организацию, для выбора другой дошкольной организации после истечения одного месяца встает в общую очередь и получает направление в частную дошкольную организацию. Родитель или законный представитель ребенка с особыми образовательными потребностями при наличии подтверждающих документов встает одновременно в нескольких очередях – общей очереди, очереди в специальную, санаторную дошкольные организации. Возраст ребенка для подачи заявления и нахождения в очереди не превышает полных 6 лет по состоянию на 1 сентября текущего учебного года (кроме детей с особыми образовательными потребностями, имеющими соответствующее заключение психолого-медико-педагогической комиссии, и детей, которым на 1 сентября текущего года еще не исполнилось полных 6 лет). Для выбора другой дошкольной организации ребенок отчисляется из дошкольной организации, и родитель или законный представитель ребенка подает заявление на постановку в очередь для получения направления в дошкольную организацию. Очередь заявлений обновляется при: 1) поступлении заявлений от родителей или законных представителей детей, имеющих право на внеочередное получение места в дошкольных организациях согласно пункту 3 статьи 52 Закона Республики Казахстан "О воинской службе и статусе военнослужащих" и пункту 8 статьи 78 Закона Республики Казахстан "О специальных государственных органах"; 2) поступлении заявлений от родителей или законных представителей детей педагогов согласно пункту 3 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О статусе педагога"; детей, законные представители которых являются инвалидами; детей, оставшихся без попечения родителей, и детей-сирот; детей из многодетных семей; детей с особыми образовательными потребностями; детей из семей, имеющих ребенка-инвалида для первоочередного получения места в дошкольной организации; 3) изменении льготного статуса заявления; 4) исключении заявления из очереди в результате отзыва заявления; 5) выдаче направления; 6) помещении заявления в стоп-лист, архив; 7) отсутствии заинтересованности заявителя в получении места в дошкольную организацию. Заявления в очередях располагаются относительно друг друга внутри каждой группы по дате и времени подачи заявления. Заявления по внеочередному получению места располагаются перед заявлениями первоочередного получения места. Заявления по первоочередному получению места распределяются между заявлениями, поданными на общих основаниях, в соотношении "один к трем" (заявление по первоочередному получению места располагается через каждые три заявления, поданные на общих основаниях).

    Сұрақ

    Бизнесті дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болады?

    Жауап

    Бизнесті дамыту үшін мемлекеттік грантты қалай алуға болады? Мемлекеттік гранттарды мемлекет «Бизнес жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері ( К әсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы) арқылы береді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 Қаулысымен бекітілген Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар гранттар беруге арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады. Конкурс бюджет қаражаты болған жағдайда жылына кемінде 2 рет өткізіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі облыстың өңірлік апта сайынғы баспа басылымында бизнес-идеяларды қаржыландыруға мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы 2 (екі) млн.теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейін құрайды.

    Сұрақ

    Баспанаға кезекке тұру тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі -Заң) 71-бабына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармақшасына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Осы Заңның 67-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды бөлек тізім бойынша есепке алады: - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына; - Жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; -"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға -Халықтың әлеуметтiк аз қамтылған топтарына -Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға; -Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 74-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, көпбалалы аналарға, жетімтер мен ата-ана қамқорлығынсыз өскен балаларға бірінші кезекте алуға кепілдік береді.

    Сұрақ

    Мектепке құжаттар өткізу тәртібін түсіндіріп берсеңіз.

    Жауап

    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы білім беру мекемелеріне қабылдаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес, бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтінішті қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімшелері немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және қағаз жүзінде білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады. Балаларды бірінші сыныпқа алу үшін қажетті құжаттар келесідей: Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан); Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт); 3 х 4 см 2 фотосурет.

    Сұрақ

    Баспана кезегін электронды түрде қалай қадағалауға болады

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде – тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін тұрғын үй беруге мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде белгіленген олардың кезектілігін көрсете отырып жариялауға міндетті. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды. Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек кімге көрсетіледі.

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 23112 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді. АӘК мыналарға тағайындалмайды: 1) жан басына шаққандағы орташа табысы (23 112 теңге) белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға); 2) «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңның 2-бабы 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы; 3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы; 4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы; 5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.

    Ақпарат

    Ақсу ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде кандидаттарға берілетін үй-жайлар

    Ақсу ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде кандидаттарға берілетін үй-жайлар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 104-бабының 6-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ақсу ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ақсу ауданындағы мәслихат депутататтарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлама жариялайды:

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 104-бабының 6-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкесАқсуауданының аумақтық сайлау комиссиясыАқсуауданындағы мәслихат депутататтарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлама жариялайды:

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жетісу облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ

    Жетісу облысы мәслихатыныңдепутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебі ұсынылды "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағызейнетақы активтерінің жалпы көлемі28 267,61млрд теңгеніқұрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 633,21 млрд теңгені[1]құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1 428,29млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері151,28млрд теңгеніқұрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды. ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 қазанда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,34%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,27%, ҚРҰБ депозиттері – 2,63%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,50%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,97%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,33%, МҚҰ – 1,00%. Активтердің 37,62%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,86%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,13%. Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 693,73млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 14,15млрд теңгені, өзге кірістер – 3,48 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. 2025 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 706,33 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 2,64%-ды құрады. 2026 жылғы 1 қазандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,52%, ҚРҰБ депозиттері – 3,34%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 115,80 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 23,59 млрд теңге кіріс әкелді. 2026 жылғы ққазанға дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 173,20 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 19,15%. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелініңегжей-тегжейлі құрылымыжәне инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойыншапортфель құрылымытуралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушылар ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 206,11млрд теңге. 2026жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 32,66 млрд теңге. Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 29,19%,РЕПО – 17,21%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 11,12%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 10,95%,ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,10%,шет мемлекеттердің МБҚ – 5,78%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,86%,шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,48%, МҚҰ – 1,70%. Атап кетейік, портфельдің 61,32% теңгемен, 38,22% АҚШ долларымен, 0,46% басқа валюталардаұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 9,46%. "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелініңегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2026жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 29,57 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ҚМ МБҚ – 19,07%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 18,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 16,74%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,44%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар– 5,62%,активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексінің құрамдас бөліктерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 5,17%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,68%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 82,13%-ын, АҚШ долларымен 17,87%-ын құрайды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,75%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ[2]сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,21 млрд теңгеболды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 27,04%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен аспайтын) – 9,75%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,95%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,64%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 8,67%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 7,15%,ҚРҰБ ноттары – 7,98%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 6,06%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,59%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 63,79%-на, АҚШ долларымен – 36,21%. Зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі – 7,92%. "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 91,95 млрд теңгеболды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ЕДБ облигациялары – 16,53%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,97%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 10,61%,ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,38%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 8,82%, шетелдік мемлекеттердің МБҚ – 8,33%,Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,18%, ҚР ҚМ МБҚ – 6,70%,шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,76%, МҚҰ – 1,68%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 66,95%, АҚШ долларында – 33,05% инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,22%. "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026 жылғы жағдай бойынша "Tansar Capital" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 1,87 млрд теңге. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар төмендегідей: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 34,67%, Репо – 15,98%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 10,18%, ҚР ҚМ МБҚ – 4,47%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 61,88%, АҚШ долларымен – 38,12% инвестицияланды. "Tansar Capital" АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылғы 8 сәуірде бастады. Зейнетақы активтерін басқаруды бастағаннан бергі кірістілігі – 0,00% құрады. "Tansar Capital" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 43,85млрд теңге. ҚР ЕДБ облигацияларына – 33,30%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 13,44%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 11,05%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 7,88%,РЕПО – 7,17%, ҚР ҚМ МБҚ – 4,03%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,82%,ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,17%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 1,30% инвестицияланды. Ұлттық валютада портфельдің 77,71%-ы, АҚШ долларында 22,29%-ы инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 13,95%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілгенегжей-тегжейлі құрылымыБЖЗҚ сайтында ұсынылған. Естеріңізге салайық, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойыншаinvest.enpf.kzбірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында). [1]зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда [2]01.01.2026 жылдан бастап "БЖЗҚ" АҚ "Halyk Global Markets" АҚ-дан алынған 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу туралы хабарлама негізінде "Halyk Global Markets" АҚ-ға зейнетақы жинақтарын аударуға өтініштерді қабылдауды жүзеге асырмайды

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты

    Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі2026 жылдың 1 қазанына 28,30 трлн теңгегежетті.12 айдағы өсім – 2,60 трлн теңгенемесе 10,0%. Негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан қаражаттан тұрады, олардың көлемі – 26,13 трлн теңге,12 айда 1,73 трлн теңгеге немесе 7,1% өсті. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 732,80 млрд теңгеболды. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 қазанға оның көлемі 10,35 млрд теңгеболып, 12 айда 6,4% өсім көрсетті. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,4 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 қазанына1 429,89млрд теңгеболды. Түсімдер Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 9 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына2 738,10млрд теңгетүсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,7%-ға (немесе371,90млрд теңгеге) артық. МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қазанға дейін2 091,42млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 7,9%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 113,50 млрд теңге (өсім – 12,7%), ЕЗЖ – 1,62 млрд теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.10.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар531,55млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.10.2026ж. жағдай бойынша882,28 млрдтеңгені құрады. Төлемдер мен аударымдар 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар1402,37млрд теңгеніқұрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер223,61млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 028 теңге. 2026 жылдың басынан бастап 01.10.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 490,04 млрд теңге,мұрагерлік бойынша 77,26 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 37,30 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,62 млрд теңге, жерлеуге – 7,14 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 564,40 млрд теңге аударылды. ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 19,11 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,14 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қазанында 12,90 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,44 млн - МЗЖ бойынша, 798,39 мыңы - МКЗЖ бойынша, 466,12 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,44 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді. БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -6,21 млнбірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

    Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді invest.enpf.kz инвестициялық порталының артықшылықтары мен мүмкіндіктері Бұрын қалай болды? 2021 жылдан бастап салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін жеке басқарушы компанияларға беру құқығы берілді. 2023 жылғы шілдеде күшіне енген Әлеуметтік кодекс бұл мүмкіндікті кеңейтті. Атап айтқанда, салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарының 50%-на дейінгі бөлігін, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарын толық көлемде инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігіне ие болды. Қазір не өзгерді? 2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарын ғана емес, міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын да толық көлемде жеке басқаруға бере алады. Бұл өзгеріс қандай мүмкіндік берді? Аталған жаңашылдық салымшылар үшін өз жинақтарының инвестициялық кірістілігіне ықпал ету мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Енді әрбір салымшы өзінің зейнетақы активтерін кім және қандай инвестициялық стратегия бойынша басқаратынын дербес таңдай алады. Сонымен қатар зейнетақы жинақтарын бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы мен инвестициялық портфель арасында бөліп орналастыруға болады. Бұл зейнетақы капиталын басқарудың баламалы жолдарын көбейтіп, салымшыларға өз мүддесіне сай шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Осылайша, зейнетақы жүйесі салымшы тек сырттай бақылаушы рөлін атқаратын үлгіден адамның ұзақмерзімді зейнетақы жинақтарын басқаруға саналы түрде өзінің қатысуын көздейтін жүйеге біртіндеп ауысуда. Инвестициялық портал туралы Инвестициялық стратегияны таңдау мүмкіндіктерінің кезең-кезеңімен кеңеюі және зейнетақы активтерін басқару туралы ақпараттың қолжетімді бола түсуі салымшылардың болашақ зейнетақы табысын қалыптастыруға қатысты шешімдер қабылдауына белсенді қатысуына жағдай жасайды. Осы мақсатта 2026 жылдың басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) invest.enpf.kz арнайы инвестициялық порталын іске қосты. Портал зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға бергісі келетін салымшыларға дұрыс шешім қабылдап, жинақтарын жедел аударуға көмектеседі. Атап айтқанда, зейнетақы активтерін басқаруға қатысты негізгі мәліметтер біртұтас цифрлық кеңістікке жинақталған. Соның арқасында салымшылар қажетті ақпаратпен танысып, өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құралға қол жеткізді. Инвестициялық портал пайдаланушылары: ·инвестициялаудың негізгі ұғымдарымен таныса алады; ·басқарушы компаниялардың әртүрлі кезеңдердегі инвестициялық кірістілігін салыстырып, оның өзгеру динамикасын бақылай алады; ·инвестициялық портфельдердің құрылымын зерделеп, зейнетақы активтерінің қандай қаржы құралдарына орналастырылғанын біле алады; ·инвестициялық декларациялар мен стратегияларды зерттеп, олардың өз мақсаттары мен мүдделеріне қаншалықты сәйкес келетінін бағалай алады. Деректер талдамасынан салымшылардың инвестициялық құралдарға деген қызығушылығы артып, өздерінің зейнетақы жинақтарын саналы түрде басқаруға ұмтыла бастағанын байқауға болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, invest.enpf.kz порталы іске қосылған сәттен бастап оның бірегей пайдаланушыларының саны тұрақты түрде өсіп, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шамамен 82 мың адамға жетті. Оның ішінде 27,5 мыңға жуық пайдаланушы салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейтілген қыркүйек айында тіркелді. Статистика не дейді? Статистикалық деректер салымшылардың зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару белсенділігі де айтарлықтай артқанын көрсетеді. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 6 қыркүйек аралығында зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударған салымшылар саны 44 167 адамды, ал аударылған қаражаттың жалпы сомасы 69,1 млн теңгені құраса, 2026 жылғы 7 қыркүйек пен 14 қазан аралығындағы қысқа мерзімнің өзінде 32 921 салымшының аударған зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 92,2 млн теңгеге жетті. 01.01.2026ж. бастап 06.09. 2026ж. дейінгі кезеңдегі аударымдар көлемі Сома бойынша тобы, теңге Салымшылар саны Салымшылар үлесі (аударым жасаған салымшылардың жалпы санынан) Аударымдар саны, млн теңге Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) 500 000дейін 15 910 36,0% 2 582,68 3,7% 500 000 -1 000 000 5 443 12,3% 3 827,41 5,5% 1 000 000 -3 000 000 13 716 31,1% 26 591,73 38,5% 3 000 000 -5 000 000 8 085 18,3% 29 434,35 42,6% 5 000 000 -10 000 000 946 2,1% 5 717,96 8,3% 10 000 000 -2 0 000 000 59 0,13% 734,22 1,1% 20 000 000 -50 000 000 8 0,02% 257,22 0,4% свыше 50 000 000 – – – – ЖИЫНТЫҒЫ 44 167 69 145,57 07.09.2026ж.бастап14.10.2026ж. дейінгі кезеңдегі аударымдар көлемі Сома бойынша тобы, теңге Салымшылар саны Салымшылар үлесі (аударым жасаған салымшылардың жалпы санынан) Аударымдар саны, млн теңге Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) 500 000дейін 7 325 22,3% 1 210,96 1,3% 500 000 -1 000 000 3 425 10,4% 2 357,91 2,6% 1 000 000 -3 000 000 9 409 28,6% 17 175,42 18,6% 3 000 000 -5 000 000 6 375 19,4% 23 974,97 26,0% 5 000 000 -10 000 000 5 712 17,4% 38 356,27 41,6% 10 000 000 -20 000 000 621 1,9% 7 475,87 8,1% 20 000 000 -50 000 000 51 0,15% 1 391,67 1,5% свыше 50 000 000 3 0,01% 214,37 0,2% ЖИЫНТЫҒЫ 32 921 92 157,45 Жасына қарай топтар бөлінісінде осы кезеңдердегі стаитстика төмендегідей сипатқа ие: 01.01.2026ж.бастап06.09.2026ж. дейінгі кезеңдегі деректер Жасы бойынша топ Аударымдар үлесі (аударымдардың жалпы санынан) Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) Орташа аударым, мыңтеңге 30 жасқа дейін 24,0% 10,5% 397 30–39жас 40,2% 40,9% 922 40–49жас 24,8% 32,5% 1 188 50–59жас 10,6% 15,4% 1 318 60жас және одан үлкен 0,5% 0,6% 1 118 07.09.2026ж.бастап14.10.2026ж.дейінгі кезеңдегі деректер Жасы бойынша топ Аударымдар үлесі (аударымдардың жалпы санынан) Сома үлесі (аударымдардың жалпы сомасынан) Орташа аударым, мыңтеңге 30 жасқа дейін 22,1% 9,1% 676 30–39жас 38,0% 37,6% 1 631 40–49жас 27,5% 35,2% 2 113 50–59жас 11,8% 17,1% 2 380 60жас және одан үлкен 0,6% 1,1% 2 975 Келтірілген деректерден көріп отырғанымыздай, ең жоғары белсенділікті 30–39 жас аралығындағы салымшылар танытып отыр. Барлық аударымдардың шамамен 40%-ы және аударылған қаражаттың жалпы көлемінің 40%-ы осы жас тобындағы азаматтарға тиесілі. Олардың белсенділігі осы кезеңге қарай зейнетақы шоттарында қомақты қаражаттың жинақталуымен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар зейнетке шығуға әлі жеткілікті уақыт бар болғандықтан, салымшылар өздерінің инвестициялау мерзімі мен тәуекелге деген көзқарасына сәйкес инвестициялық стратегияны таңдап, қажет болған жағдайда оны өзгерте алады. Еске саламыз, зейнетақы жинақтарын аудару туралы шешімді әр салымшы өз бетінше қабылдайды. Сондықтан шешім қабылдамас бұрын қаражатты басқару шарттарын, инвестициялық портфельдің құрылымын, комиссиялық сыйақы мөлшерін және әртүрлі кезеңдердегі кірістілік көрсеткіштерін мұқият зерделеген жөн. Бұл ретте өткен кезеңдердегі инвестициялық нәтижелер болашақта дәл сондай кірістілікке қол жеткізуге кепілдік бермейтінін, ал инвестициялардың құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін екенін ескеру маңызды. Салымшылар өзекті деректер мен барлық қажетті ақпаратты invest.enpf.kz инвестициялық порталынан кез келген уақытта таба алады. Бүгінде бұл портал көптеген салымшыға зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін жан-жақты түсінуге және жинақталған қаражатын инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) басқаруына беру жөнінде саналы шешім қабылдауға көмектесті. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).

    Жарияланды: