
📌 Жарлыөзек ауылдық округінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша дөңгелек үстел өтті
Жарлыөзек ауылдық округінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.








