Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

    Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы

    «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өңірлік телеарналар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.

    Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, 28-үй, 1028 кабинет мекен-жайы бойынша жіберіледі, «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-нің ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бөлімі 2026 жылғы 14 қазан күні сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.

    Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер мына Жетісу облысы, Талдықорған қаласы қаласы, Балапанов көшесі, 28-үй, 1028 кабинет мекен-жайы бойынша 2026 жылғы 14 қазан күні сағат 17:30-де ашылады.

    Үміткер өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі бар өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: "(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА" және "(өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

    Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

    Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді уақтылы беру қажет. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру ережелеріне сілтеме https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035349

    Жүктеу
    39263ed3c45730b43d287ec5695d37dcb72e3e982dfdbb3502754563c12235bb_original.17092.docx
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу
    b2e0491bf8901de12078af2df061edbb9d88494371e5a6364505a7dcfbaf0b9d_original.17153.docx
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    Жетісу облысының ішкі саясат басқармасының 2026 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмысы туралы анықтама

    Ақпарат

    Тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімінің 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат

    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы сыйлықақыны тағайындауға өтінімдер қабылдаудың басталғанын жариялады