Жетісу облысының Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілінің заманауи мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру,қолданыс аясын кеңейту және жаңа идеяларды жүзеге асырудың да құралы екендігін дәріптеумақсатында «TIL TALQY» шарасы TEDx форматында өтті.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті студенттері, жас ғалымдар, облыстық білім басқармасына қарасты мекеме қызметкерлері, мәдениет саласы қызметкерлері, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы қызметкерлері, тіл жанашырлары, «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі, зиялы қауым,бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріқатысты.
Спикер ретінде қатысқан танымал жас талант,Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетінің сениор-лекторы, филолог-зерттеуші Арын Құнанбайұлы оқу мен жазу бір-бірін толықтырып қана қоймай, адамның интеллектуалдық дамуына қатар қызмет ететіндігіне тоқталып, маңызды ой орамдарын ортаға салды.
Журналистика мен өнерді ұштастырып жүрген талантты өнер иесі Мөлдір Байбуринова әлемдік әуендерді қазақша сөйлету – өнердегі жаңашылдық қана емес, ана тілімізге деген құрмет пен сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі екенін паш етті.
Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Әйгерім Молдабаеваісқағаздарын мемлекеттік тілде дұрыс, талапқа сай және заманауи үлгіде жүргізу – бүгінгі күннің маңызды талабы екенін түсіндіріп, өзінің тәжірибесімен бөлісті.
Пікір алмасу барысында нақты идеяларға, өмірлік тәжірибеге және тың ойларға басымдық беріліп, қатысушылар танымдық шарада белсенділік танытты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









