Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «QAZAQGAZAIMAQ» газ қызметінің және аудандық электр жүйесі мамандарының қатысуымен тұрғындар арасында жылыту маусымындағы қауіпсіздік талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға улы газдан уланудың алдын алу, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, газ және электр құрылғыларын дұрыс пайдалану жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар жылыту пештері мен мұржалардың техникалық жай-күйі тексерілді.
Профилактикалық жұмыстар аясында үйлерге улы газды анықтайтын датчиктер орнатылды. Мамандар тұрғындарға мұржаларды уақытылы тазалау, пештің алдына жанбайтын материалдан жасалған төсеніш төсеу және жылыту құрылғыларының маңында жанғыш заттарды сақтамау қажеттігін ескертті.
Мұндай профилактикалық іс-шаралардың басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық өрттер мен улы газдан улану жағдайларының алдын алу.
Қауіпсіздік қарапайым ережелерді сақтаудан басталады!
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









