Әуе кемесінің апаттық жағдайда қонуы кезіндегі іс-қимылдар пысықталды

    1 / 6

    Бүгін әуе кемесінің апаттық жағдайда қонуы кезінде жедел қызметтердің іс-қимылдарын пысықтау мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

    Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, Астана – Шымкент бағыты бойынша ұшып келе жатқан Boeing-737-500 әуе кемесінің сол жақ қозғалтқышында ақау туындап, экипаж «Әулие-Ата» әуежайына апаттық жағдайда қону туралы шешім қабылдаған.

    Қонуға бет алған кезде қозғалтқыштың өртке қарсы жүйесінің дабыл белгісі іске қосылып, шассидің негізгі тірегі зақымданып, авиациялық жанармай төгілген.

    Әуе кемесінің бортында 120 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болған.

    Оқу-жаттығу барысында кезекші ауысымдар мен авариялық-құтқару командаларының іс-қимыл алгоритмдері, жедел қызметтердің өзара іс-қимылы, хабарлау және күштер мен құралдарды үйлестіру мәселелері пысықталды.

    Негізгі назар жедел әрекет етуге, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылды

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары