Жамбыл облысы ТЖД мен оның аудандық бөлімшелерінде Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шаралар барысында жеке құрамға Мемлекет басшысы айқындаған ел дамуының басым бағыттары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер таныстырылды.
Сонымен қатар Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асырудың маңыздылығы, олардың мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудағы рөлі және күнделікті қызмет барысында басшылыққа алынуы қажеттігі атап өтілді.
Аталған жұмыстар қызметкерлердің елдің даму басымдықтары жөніндегі ақпараттандырылу деңгейін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын терең түсінуге бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








