1 / 2
Жамбыл облысы Талас ауданында тұрғындар арасында өрт және газ қауіпсіздігін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері газ шаруашылығы мамандарымен бірлесіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында мамандар жылыту пештері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және улы газдан уланудың алдын алу жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Себебі қарапайым сақтық шаралары адам өмірі мен мүлкін қорғаудың маңызды кепілі болып табылады.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









