ҚАУІПСІЗДІК – ӘР ОТБАСЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ!

    1 / 2

    Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы аудан тұрғындары арасында бірқатар бағыт бойынша профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында тұрғындарға улы газдан уланудың алдын алу, автокөліктегі өрт қауіпсіздігі, жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

    Сонымен қатар, балаларды қараусыз қалдырмау, олардың отпен ойнауына жол бермеу және терезеден құлау жағдайларының алдын алу қажеттігі ескертілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары