Жылыту маусымындағы қауіпсіздік – басты назарда!

    1 / 2

    Жылыту маусымында өрт оқиғалары мен улы газдан уланудың алдын алу мақсатында Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік осал топтағы отбасылар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жылыту пештері мен электр құралдарын дұрыс пайдалану, мұржаларды уақтылы тазалау және улы газдан уланудың алдын алу жолдары туралы түсіндірді.

    Сонымен қатар, төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету алгоритмі жеткізіліп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

    Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды жылыту маусымында қауіпсіздік шараларына жауапкершілікпен қарап, өз өмірі мен жақындарының амандығына бейжай қарамауға шақырады.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары