Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «QazaqGaz Aimaq» өкілдерімен бірлесіп, аудан тұрғындары арасында кең ауқымды профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі, газ жабдықтарын дұрыс пайдалану, пештер мен мұржалардың жарамдылығын тексеру, улы газдан уланудың және балалардың терезеден құлауының алдын алу шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар, электр жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, газ иісі сезілген жағдайда әрекет ету тәртібі және төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу қажеттігі ескертілді.
Профилактикалық жұмыстардың басты мақсаты – өрттер мен жазатайым оқиғалардың алдын алып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









