Жылу сыйлаған от – қауіп көзіне айналмасын!

    1 / 2

    Жамбыл облысында жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау және улы газдан уланудың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

    Көлтоған ауылы №14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері Қоңыртөбе ауылының тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында мамандар пештер мен мұржаларды уақтылы тазалау, жылыту құрылғыларының жарамдылығын тұрақты тексеру, сондай-ақ олардың маңында жанғыш заттарды сақтамау қажеттігін түсіндірді.

    Сонымен қатар, улы газдың түссіз әрі иіссіз болуына байланысты оның аса қауіпті екені ескертіліп, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде кеңестер берілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары