ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ – САЛАУАТТЫ ҰРПАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

    1 / 8
    Шолаққорған спорттық-сауықтыру кешенінде «Есірткісіз болашақ» атты нашақорлыққа қарсы бағытталған 10 күндік іс-шара қорытындыланды.
    Маңызды шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Созақ ауданы прокурорының орынбасары Асылбек Туршеков, Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Мұратов, полиция қызметкерлері, спортшылар, спорт саласының өкілдері мен мектеп оқушылары және жастар қатысты.
    Жиында аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы жас ұрпақты зиянды әдеттерден қорғаудың, олардың бойында салауатты өмір салтына деген берік ұстаным қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, соңғы уақытта қоғамға қауіп төндіріп отырған синтетикалық есірткілердің адам денсаулығы мен болашағына тигізер зардабын атап өтті.
    Аудан басшысы бұл бағыттағы жұмыстар бір реттік немесе 10 күндік науқанмен шектелмеуі керектігін, есірткіге қарсы күрес пен жастар тәрбиесі күнделікті назарда болуы тиіс екенін жеткізді.
    Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, одан әрі спорттық сайыстарға ұласты. Жасөспірімдер гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тарту және ұлттық ойынымыз – асық атудан өзара бақ сынады.
    Жарыс барысында жас спортшылар күш-жігері мен ептілігін көрсетіп қана қоймай, достық пен бірліктің, салауатты өмір салтының үлгісін танытты. Нәтижесінде үздік өнер көрсеткен қатысушылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Созақ ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары