АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ: НӘТИЖЕ МЕН МІНДЕТТЕР САРАЛАНДЫ

    1 / 5
    Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте 2026 жылдың ІІІ тоқсанындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, алдағы кезеңнің басым бағыттары мен өзекті міндеттері талқыланды.
    Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков баяндама жасап, ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне талдау ұсынды.
    Мәжілісте ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, шағын және орта кәсіпкерлік және өзге де маңызды салалардағы атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер сараланды. Сонымен қатар индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы қаралып, алдағы кезеңге белгіленген жоспарлар талқыланды.
    Жауапты бөлім басшылары мен мекеме жетекшілері өз бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.
    Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы әрбір саладағы жұмыс қарқынына жеке тоқталып, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуына жауапты көзқарас қажет екенін атап өтті. Белгіленген индикаторлардың уақытылы әрі сапалы орындалуы ауданның тұрақты дамуы үшін айрықша маңызды екенін жеткізді.
    Осыған орай жауапты сала басшыларына жұмысты жүйелі ұйымдастыру, жоспарлы межелерден ауытқуға жол бермеу, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын жандандыру және әрбір бағыт бойынша нақты нәтижеге қол жеткізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Созақ ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары