Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар аясында Концерттік-көрме орталығы мен «Шым қала» тарихи-мәдени кешені қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесулер барысында радикалды діни ағымдарға қарсы іс-қимыл, радикалды идеологияның таралуына жол бермеу және азаматтардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуының алдын алу мәселелеріне басымдық берілді.
Іс-шаралар аясында қатысушыларға радикалды идеологиялардың азаматтардың санасына ықпал ету тетіктері, сондай-ақ ақпараттық кеңістікте экстремистік материалдардың таралуына байланысты ықтимал қауіп-қатерлер түсіндірілді.
Сонымен қатар,сыни ойлау қабілетін қалыптастыру, ақпараттық қырағылықты арттыру,радикалдыықпал ету белгілерін дер кезінде анықтау, ұжымдарда жанжалдар мен құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті түсіндірмелер беріліп, профилактикалық сипаттағы практикалық ұсынымдар ұсынылды. Қоғамдық келісімді, рухани тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу радикалды идеологияларға қарсы иммунитетті қалыптастыруға, мәдениет саласы қызметкерлерінің ақпараттану деңгейін арттыруға және терроризм мен экстремизмге қарсы профилактикалық жұмысты күшейтуге ықпал етеді.
Материал Шымкент қ. ТҚК ақпараты негізінде дайындалды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









