Мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізілді

    Мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізілді
    Мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлермен жұмыс барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған жиналыс өткізілді.
    Жиынды Әдеп жөніндегі уәкіл Д. Оспанова жүргізді.
    Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтауы, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен жауапкершілік танытуы, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және қызметтік міндеттерін адал атқару мәселелері түсіндірілді.
    Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар мен әдеп нормаларын сақтау әрбір қызметкердің басты міндеті екені атап өтілді.
    Жиын соңында қатысушыларға мемлекеттік қызметте жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытып, халыққа сапалы қызмет көрсету қажеттігі ескертілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары