Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

    Жалпы ақпарат

    Департаменттің міндеті - зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама, міндетті әлеуметтік сақтандыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    «Мүгедектігі бар адамдарға арналған қолжетімділік»

    Ашу

    Қазақстан Республикасына қоныс аударуды жоспарлаған этникалық қазақтар үшін белгілі бір тәртіп қарастырылған. Ол тұрғылықты өңірді таңдауды, қазақ тілін білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуден өтуді, кәсіби дағдыларын бағалауды, құжаттарын тексеруді және әңгімелесуден өтуді қамтиды.

    Ашу

    Қазақстанда ерікті қоныс аудару тетігі жұмыс істейді. Ол азаматтарға кәсіби дағдылары сұранысқа ие және жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар өңірлерге көшуге көмектеседі.

    Ашу

    Семинар кеңес өткізілді.

    Ашу

    МАҚАЛА

    Ашу

    Мүгедектігі бар азаматтарға мемлекет тарапынан түрлі әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Оның ішінде техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, жеке көмекші қызметін ұсыну, санаторий-курорттық ем алуға мүмкіндік жасау және жұмыспен қамту шаралары бар. Мұндай қолдау азаматтардың өмір сапасын жақсартып, қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасайды.

    ОтырысАяқталды

    16 ҚЫРКҮЙЕК АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА БРИФИНГ ӨТТІ

    ТҮРКІСТАН: БРИФИНГ ӨТТІ 2026 жылғы 16 қыркүйекте Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «2026 жылдың 8 айында атқарылған жұмыс қортындысы» бойынша баспасөз конференциясы өтті. Спикер: Архаров Марат Аманғалиұлы - Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары.

    17 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «ӘDILET» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қоғамдық қабылдау өткізді.

    ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ЖАУАПТЫ БАСШЫЛАРМЕН БІРГЕ ҚАРАЛДЫ Бүгін «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті. Қабылдауға Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Марат Архаров және облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева қатысты. Қабылдауға келген азаматтар денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласына қатысты өзекті мәселелерін ортаға салды. Атап айтқанда, «Ақзере» емханасы дәрігерлерінің жұмысына қатысты шағымдар, Сайрам аудандық орталық ауруханасы қызметкерлерінің дөрекі қарым-қатынасы мен жұмысындағы салғырттық, сондай-ақ мүгедектік тобын белгілеуге байланысты мәселелер көтерілді. Олардың қатарында, эпилепсия диагнозы қойылған баласына мүгедектік тобын рәсімдеуге және белгіленген ІІ топтағы мүгедектікті І топқа ауыстыру мәселесі бойынша өтініштер айтылды. Түлкібас ауданына қатысты да бірқатар маңызды мәселе көтерілді. Атап айтқанда, Түлкібас аудандық орталық ауруханасына қарасты Састөбе бөлімшесін жөндеу немесе жаңа аурухана салу қажеттілігі жайы қаралды. Бұдан бөлек, Састөбе ауылындағы емханада офтальмолог, невропатолог, рентгенолог, окулист, гинеколог және басқа да бейінді мамандардың тапшылығы сөз болып, тиісті штаттық бірліктер қарастыру мәселесі көтерілді. Қабылдау барысында медициналық көмектің қолжетімділігіне қатысты мәселе де жедел қаралды. Облыстық клиникалық аурухананың гинекология бөліміне шұғыл консультация мен УДЗ-ге жолдама қажет екенін айтқан тұрғынның мәселесін шешу үшін Сарыағаш ауданының бас дәрігерімен онлайн байланыс орнатылып, тиісті шара қабылдау жөнінде нақтылау жүргізілді. Қабылдау барысында азаматтардың әрбір өтініші жеке қаралып, мәселелерді қағаз жүзінде ғана тіркеп қоюмен шектелмей, сол сәтте зерделеуге басымдық берілді. Қажет болған жағдайда аудандық ауруханалардың бас дәрігерлерімен онлайн байланысқа шығып, жағдайды нақтылау және мәселенің оңтайлы шешімін табу бойынша жұмыс жүргізілді. «Әділет» партиясы үшін халықтың мұң-мұқтажын тыңдау ғана емес, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету негізгі міндеттердің бірі. «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қоғамдық қабылдау өткізді.

    ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Бегман Нұрмаханов қоғамдық қабылдау өткізді. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдау онлайн-офлайн форматта өтті. Алдын ала хабарландыру бойынша жазылған азаматтарды қабылдаған департамент басшысы әр мәселені жіті бақылауына алды. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі: мүгедектікке шығу, зейнетке шығу жөнінде болды. Оларға заң аясында жауап берілді. Атап өтерлік, қабылдау барысы әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы жүргізілді. Департамент басшысы онда келіп түскен сұрақтарға да толыққанды жауап берді. Қабылдауда тіркелген әрбір арыз-өтініш пен сұрақ хаттамаға енгізіліп, заң аясында нақты қаралып, нәтижесі жөнінде хабарланды. .

    20 мамыр 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жұмыскерлерге АӘТ құрамдас бөліктерінің бірі уақтылы төленбеген жағдайда, мысалы, жұмыс берушінің қаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде кәсіптік төлем, әкімшілік сипаттағы қандай шаралар қолданылады?

    Жауап

    бүгінгі күні бұл тәртіп реттелді. Жұмыскер еңбек инспекциясына шағыммен жүгінуге құқылы. Инспектор тексеру қорытындысы бойынша жұмыс берушіге тиісті төлемдерді уақтылы төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым береді (мысалы, жалақы, жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем және т.б.). Жұмыс беруші ұйғарымды орындамаған жағдайда, мемлекеттік еңбек инспекторы материалдарды мәжбүрлеп орындау үшін сотқа жібереді.

    Сұрақ

    Санаторий-курорттық емдеуге арналған шығындарды өтеу шарттары қандай?

    Жауап

    Жұмыскерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен бастапқы айрылу белгіленген кезде жұмыс беруші сақтандыру туралы шарт жасасқан сақтандыру компаниясы зардап шеккен жұмыскерді санаторий-курорттық емдеуге жұмсалған шығыстарды 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде төлейді. Аталған сомадан асып кеткен жағдайда айырманы жұмыскер төлейді.

    Сұрақ

    Егер адам АӘТ (республикалық бюджеттен, БЖЗҚ) ала отырып, еңбек жағдайлары зиянды жұмысқа орналасса, оның АӘТ алуға құқығы бола ма?

    Жауап

    егер адам еңбек жағдайлары зиянды жұмысқа орналасса, бұл ретте бұрын өзінің АӘТ алу құқығын іске асырса, онда төлемдер автоматты түрде тоқтатылады.

    Сұрақ

    Қандай оңалту іс-шараларын төленген сақтандыру сыйлықақысының 6 %-ына дейін ӨСК өтеуге тиіс?

    Жауап

    Сақтандыру ұйымдары зардап шеккен жұмыскерді қалпына келтіру шығындарын өтейді, атап айтқанда: - қалпына келтіру және реконструктивті терапия (ортодонтия, имплантация, бетті және басқа бөліктерді қайта құру және т. б.); - сауықтыруға және шығыстар (ТМККБК және МӘМС көзделмеген); - әлеуметтік-психологиялық оңалту (психологиялық түзетуді, қолдау мен көмекті ұйымдастыру); - кәсіптік және еңбекті оңалту (жаңаларын қалыптастыру немесе жоғалған еңбек және кәсіптік дағдыларды қалпына келтіру).

    Сұрақ

    Еңбекті қорғау жөніндегі қандай алдын алу іс-шараларын ӨСК төленген сақтандыру сыйлықақысының 6%-на дейін өтеуге тиіс?

    Жауап

    Алдын алу шараларына, яғни жұмыскерлердің денсаулығына зиян келтірмеуге және қаза табуына жол бермеуге бағытталған шараларға мыналар жатады: - жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде оқыту және олардың біліктілігін арттыру; - кәсіби тәуекелдерге бағалау жүргізу; - медициналық тексерулер жүргізу; - ЕҚ және ТҚ бойынша кабинеттерді жарақтандыру (стендтер, әдістемелік және көрнекі материалдар сатып алу); - нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және т. б.

    Сұрақ

    Құқық туындаған кезде еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспайтын адамдарға АӘТ қалай төленеді?

    Жауап

    55 жасқа толған еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспайтын, бірақ жеті жыл ішінде МКЗЖ аударылған адамдар АӘТ-ны екі көзден: республикалық бюджеттен және БЖЗҚ-дан алуға құқылы.

    Статистика

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 2026 жылғы 10 айдағы көрсеткіштер.

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 2026 жылғы 10 айдағы көрсеткіштер.

    Жарияланды:
    Статистика

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің 2026 жылғы 10 айдағы атқарған жұмысы туралы көрсеткіштер.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің 2026 жылғы 10 айдағы атқарған жұмысы туралы көрсеткіштер.

    Жарияланды:
    Статистика

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің 2026 жылғы 9 айдағы атқарған жұмысы туралы көрсеткіштер.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің 2026 жылғы 9 айдағы атқарған жұмысы туралы көрсеткіштер.

    Жарияланды:
    Статистика

    Медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша 2026 жылғы 9 айдағы көрсеткіштер.

    Показатели по медико-социальной экспертизе за 9 месяцев 2026 года.

    Жарияланды:
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША

    Жарияланды:
    Статистика

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 2026 жылғы 9 айдағы көрсеткіштер.

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 2026 жылғы 9 айдағы көрсеткіштер.

    Жарияланды: