Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
Қазақстан Республикасында Мүгедектігі бар адамдарға арналған қолжетімділікті қамтамасыз ету саласы Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексімен реттеледі.
Түркістан облысында, аталған нормалардың сақталуына реттеу және бақылау жүргізетін құзырлы орган, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті болып табылады.
Мүгедектігі бар адамдарды, оның ішінде халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмыстарын Қазақстан Республикасының ҚР ЕЖ 3.06–101–2012 «Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау» Ережелер жинағының талаптарына сәйкестендіру талап етіледі:
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы ережелер жинағы халықтың қалған санатымен тең қимылы шектеулі топтар үшін қолжетімділік шартын қамтамасыз ететін ғимараттар мен имараттардың жер телімдері, көлемдік-жоспарлық шешімі, ақпараттық және инженерлік орналастыру, сондай-ақ өмір тіршілігі бойынша қолайлы шешімдерді белгілейді.
1.2 Осы ережелер жинағы халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімді қоғамдық және өндірістік ғимараттарды, функционалдық-жоспарлық элементтерді, жер телімдерін немесе жекелеген жайларды жобалауға таратылады.
1.3 Осы ережелер жинағы халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жобаланатын және салынатын ғимараттардың жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ бар объектілерді реконструкциялау мен күрделі жөндеуге арналған.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы ережелер жинағын қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:
ҚР ЕЖ 2.04-104-2012 Табиғи және жасанды жарықтандыру.
ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі.
ҚР ЕЖ 4.02-101-2012 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы ережелер жинағында тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер, сондай-ақ осы объектіге арналған құрылыс нормаларында келтірілген терминдер мен анықтамалар қолданылады:
3.1 Учаскені (аумақты) көріктендіру: Қимылы шектеулі келушілердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін және жасанды ландшафты жасау (көгалдандыру), жаяу жүргіншілер мен көліктер өтетін жолдарды төсеу, сыртқы жарықтандыруды орнату, учаскеде демалыс, спорт және ойын-сауық аймақтарын құру, сондай-ақ келушілерді ақпаратпен қамтамасыз етуге кіретін іс-шаралар кешені.
3.2 Жиектас: Қауіпсіздік пен ақпараттылық өлшемдері бойынша функцияларды біріктіретін биіктігі шағын біртекті элементтер кеңістігі мен қозғалыс жолдарын қоршау.
3.3 Қалташа: Жайдың немесе олардың шегінен тыс коммуникациялық жолдар шекарасында түйісетін ойық, кеңістік.
3.4 Лифт холы: Лифті кіреберісінде орналасқан, әдеттегідей, есікпен шектелетін арнайы жай.
3.5 Көру қызметінің бұзушылығы бар тұлғалар: Көзі мүлдем көрмейтін немесе көздің қалған көргіштігі 10 % аспайтын немесе көру алаңы 20 % кемінде құрайтын азамат.
3.6 Қоршау: Жаяу жүргіншілер жолдарының үстіңгі бетіндегі белгі айырмасынан, еденнен 0,45 м жоғары орнатылатын құрылыс конструкциясы.
3.7 *Пандус: Дөңгелекті көлік құралдарын (кресло-арбалар, балалар арбалары және т.б.) көлденең беттіктегі бір деңгейден екіншісіне жылжытуға арналған еңісті көлбеу ғимарат (Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 26.02.2018 ж. №41-НҚ бұйрық).
3.8 Жиектас пандусы: Тротуардан жол төсеміне түсуге арналған құрылыс.
3.9 *Ымдау тілі маманы (сурдоаудармашы): Ымдау тілі мен ымдау тіліндегі дыбыстық ақпаратты кәсіби тілге аударуға, оның ішінде еститін адамдар мен саңырау адамдардың арасында байланыс қызметтерін көрсететін маман (Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 26.02.2018 ж. №41-НҚ бұйрық).
3.10 Көтеру: Қозғалыстың жақын көлденең жазықтық еңісінің арасындағы деңгейдің әртүрлілігі (тік көлем).
3.11 Өрт қауіпсіздігі аймағы: Эвакуациялау мен құтқаруды жүргізу үшін кешенді шаралармен қамтамасыз етілген берілген уақыт ішінде (өрт туындаған кезден бастап құтқару жұмыстарын аяқтағанға дейін) адамдарды өрттің қауіпті факторларынан қорғау үшін өртке қарсы қоршаулармен бөлінген ғимараттың, құрылыстың, өрт бөлігінің бөлігі.
3.12 Қозғалыс алабы: Бір қатардағы бір бағыттағы қозғалысқа арналған жаяу жүргіншілер жолының бөлігі.
3.13 Жеке қызмет көрсету жайы: Өз-өзіне қызмет көрсету немесе қимылы шектеулі келушілерге мекеме (кәсіпорын) қызметкерлері қызмет көрсету жүзеге асырылатын кабина немесе бөлме. Кабина (бөлме) габариті, әдеттегідей, орналастыру мүмкіндігі мен ілесуші тұлғаны ескеруі тиіс.
3.14 Көлденең бағыт: Қозғалыс бағытына перпендикуляр үстіңгі беттің бағыты.
3.15 Тұтқа: Бағыт беретін және қозғалыс кезінде қол деңгейінде ұстап тұруды қамтамасыз ететін баспалдақ немесе пандус компоненті.
Қысқаша негізіг талаптардың тізбесі:
-Мүгедектігі бар адамдардың кіріс топтарына (сыртқы баспалдақ, пандус, кіру алаңы, кіру және ішкі есіктері, есік табалдырығы, баспалдақтар) қолжетімділігін қамтамасыз ету
-Мүгедектігі бар адамдардың санитариялық-тұрмыстық орынжайларға (универсалды кабинасы бар дәретхана, қолжуғыш, ванна бөлмесі, душ бөлмесі, унитаз, раковина, жедел жәрдем түймешегі, есік тұтқалары) қолжетімділігін қамтамасыз ету
-Мүгедектігі бар адамдарды объектіде бұқаралық ақпарат құралдары және телекоммуникация құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету (ақпараттың тактильдік құралдары, белгілер мен символдар, дабыл сигналдары, лифтілердегі хабарлағыштар)
-Мүгедектігі бар адамдардың объекті аумағына қолжетімділігін қамтамасыз ету (жерасты көлік қоятын орын, такси және автобус аялдамалары, әкімшілік ғимарат, вокзал, сауда орталықтары
Ескертпе – Тұтқа қоршаудан жоғары болуы мүмкін.
3.16 Үй жанындағы аумақ: Кіреберіске жаяу жүргіншілер жолдарын, үйге кіреберістер және осы үй тұрғындарына арналған – балалар, спорт, демалысқа арналған, контейнерлерге арналған, иттерді серуендетуге арналған және т.б. алаңдарды қамтитын тұрғын көп пәтерлі ғимараттың маңындағы учаске.
3.17 Бойлық еңіс: Қозғалу бағытына параллель үстіңгі бет еңісі.
3.18 Өткел: Конструктивтік және (немесе) функционалдық элементтер (қондырғылар) арасындағы жаяу жүргіншілер кеңістігі.
3.19 Қозғалыс жолы: Халықтың қимылы шектеулі топтары, оның ішінде кресло-арбадағы мүгедектер учаскеде (жолдар, тротуарлар, пандустар және т. б.), сондай-ақ ғимарат пен имараттың ішінде (тік және көлденең коммуникациялар) орын ауыстыру үшін пайдаланатын жаяу жүргіншілер жолы.
3.20 Дұрыс бейімделу: «Бұл мүгедектерді адамдардың барлық басқа құқықтары мен негізгі еркіндігіне теңдестіруді іске асыру немесе жүзеге асыру мақсатында лайықты немесе қисынды қалыптаспаған ауыртпалықты қажетті және қолайлы түрлендіру мен түзетудің әрбір жағдайында енгізу» - Мүгедектер құқықтары туралы конвенция. БҰҰ.
3.21 Ақпарат құралдарының жүйесі (ақпараттық құралдар): Халықтың қимылы шектеулі топтары үшін жүру қауіпсіздігі мен ыңғайлылығына, сондай-ақ тіршілік ету ортасының қасиеттері туралы ақпараттандыруға ықпал ететін, кеңістікке өз уақытында бейімделуді қамтамасыз ететін ақпарат тасымалдаушылардың жиынтығы.
3.22 Тактильдік жерүсті көрсеткіштері: Көруі бойынша мүгедектерге аяқ табанымен, таяқпен немесе көздің қалған көргіштігін пайдалана отырып сезу арқылы кеңістікке бейімделуге мүмкіндік беретін белгілі сурет пен түстің бедерлік жолағын білдіретін ақпаратты бейнелеу құралы. Олар типі бойынша жол және еденүсті, сондай-ақ ескертуші және бағыттаушы болып бөлінеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









