Семинар кеңес өткізілді.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті №4-медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде өткізілген семинар
    КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
    1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    2. Ордабасы ауданы бойынша сырттай проактивті куәландырудың пайыздық үлесін осы жылдың соңына дейін Республикалық деңгейге (45%) жеткізу тапсырылды.
    3. Сырттай проактивті кәуландыруға №031/е нысанды құжатты жолдау кезінде қателіктерді болдырмауға нақты тапсырма берілді.
    4. Ордабасы ауданы бойынша 2026 жылдың 8 айында алғаш куәландырылғандардың саны жоғары болып, интенсивті көрсеткіш 21,9 пайызға (12 айда болжам бойынша 32,8%. Республикалық көрсеткіш 28% дан төмен болу керек) көтерілуіне байланысты емхана ДКК мен бірлесе отырып нозология бойынша өсуін талдап, мүгедек деңгейін төмендетуге нақты ұсыныс беріліп, ескерту жасалды.
    5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және болдырмау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    6. Сұрақ жауаптар.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары