САРАҒАШ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ ТҮСІНДІРІЛДІ

    САРАҒАШ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ ТҮСІНДІРІЛДІ
    Түркістан облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің өкілдері Келес ауданында әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде азаматтардың әлеуметтік мұқтаждығын бағалау қағидатын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – 2027 жылдан бастап енгізілуі көзделген әлеуметтік қолдаудың жаңа тәсілі туралы тұрғындарға кеңінен ақпарат беру, оның негізгі ерекшеліктері мен талаптарын түсіндіру.
    Кездесу барысында азаматтардың әлеуметтік жағдайын бағалау, оларды әлеуметтік А, В және С санаттарына бөлу тәртібі, сондай-ақ әр санат бойынша қарастырылатын талаптар мен өлшемдер талқыланды.
    Мамандар жаңа жүйенің ерекшеліктеріне тоқталып, әлеуметтік көмекті азаматтардың нақты қажеттіліктеріне қарай ұсынудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тиісті түсіндірмелер ұсынылды.
    Аталған жаңа тәсіл әлеуметтік қолдау шараларын жүйелеуге, көмекке мұқтаж азаматтарды нақты анықтауға және мемлекеттік көмектің атаулылығын арттыруға бағытталған.
    Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша мамандардан кеңес алып, қажетті ақпараттарға қанықты.
    Әлеуметтік қорғау саласындағы жаңашылдықтарды түсіндіру және халықты ақпараттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары