Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханаға бас-ми жарақаты және миына қан құйылу диагнозымен 80 жастағы науқас ауыр жағдайда жеткізілді.
Дәрігерлер науқастың жағдайын жедел бағалап, шұғыл түрде ота жасады. Ота сәтті өтіп, емдеу шаралары толық көлемде жүргізілді.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында, тиісті емін қабылдап жатыр.
Науқастың жақын туыстары көрсетілген медициналық көмек пен дәрігерлердің кәсібилігіне алғыс білдіреді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









