Еңбекті қорғау жөніндегі қандай алдын алу іс-шараларын ӨСК төленген сақтандыру сыйлықақысының 6%-на дейін өтеуге тиіс?
Алдын алу шараларына, яғни жұмыскерлердің денсаулығына зиян келтірмеуге және қаза табуына жол бермеуге бағытталған шараларға мыналар жатады:
- жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде оқыту және олардың біліктілігін арттыру;
- кәсіби тәуекелдерге бағалау жүргізу;
- медициналық тексерулер жүргізу;
- ЕҚ және ТҚ бойынша кабинеттерді жарақтандыру (стендтер, әдістемелік және көрнекі материалдар сатып алу);
- нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және т. б.