АӘТ алушылары зиянды жағдайларда жұмысын жалғастыра ала ма?
Жоқ. АӘТ еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмысшыларды қорғау құралдарының бірі болып табылады. Алайда, АӘТ алушы енді еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыса алмайды.
Алушының таңдауына мынадай әрекеттердің үш түрі бар:
1) жұмыс берушімен келісу бойынша еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа ауысуды ресімдеу;
2) кәсіпорыннан тыс еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа өз бетінше орналасу;
3) еңбек қызметін жалғастырмау.
Осылайша, АӘТ жұмысшыларға 55 жаста еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысуды тоқтатуға мүмкіндік береді.
Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарды қорғаудың осыған ұқсас схемалары көптеген елдерде қолданылады.