ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

    ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
    2026 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты дөңгелек үстел өткізілді.
    Іс-шара барысында жаңа Құрылыс кодексінің талаптары, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жаңадан пайдалануға берілетін объектілердің қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды келісу мәселелері талқыланды.
    Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған бағыттағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру және жұмысты одан әрі жетілдіру жөнінде ой бөлісті.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – құрылыс саласындағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолайлы әрі қолжетімді орта қалыптастыру.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары