1 / 5
Созақ ауданында рухани құндылықтарды дәріптеу, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беру және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту мақсатында «Рухани керуен» жобасы аясында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінде өткен іс-шараға ауданның ардагерлері, ақ жаулықты әжелер, жастар және тұрғындар қатысты.
Тағылымды басқосуға арнайы шақырылған қонақтар қатарында дінтанушы, теолог, ғалым және қоғам қайраткері Мәди Бесбаев, Шаншар әзіл ысқақ театырының әртісі, әнші Дәурен Әбиев халықаралық дәрежедегі спорт шебері, танымал армрестлер Қыдырғали Оңғарбаев, жайдарманшы, блогер Бақдәулет Жаманқұлов және Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов болды.
Жиын барысында қатысушыларға «Тағдырды талқандаған терроризм» атты деректі фильм көрсетілді. Фильм арқылы терроризм мен діни экстремизмнің зардаптары, оның адам тағдыры мен қоғам қауіпсіздігіне тигізетін кері әсері кеңінен ұғындырылды.
Кездесуде спикерлер рухани тәрбие, ұлттық құндылықтар, жастардың қоғамдағы орны, отансүйгіштік пен жауапкершілік мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар спорт пен өнердің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы, теріс діни ағымдардың алдын алу және жастардың дұрыс өмірлік бағдар қалыптастыруы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Рухани құндылықтарды ұлықтау, жастардың бойына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіру, қоғамда өзара құрмет пен тұрақтылықты қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Осы бағыттағы «Рухани керуен» жобасының берері мол
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









