«СЫНЫБЫММЕН РУХАНИ ОРДА ТӨРІНДЕМІН» КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ – ОЗЫҚ ҰЛТ

    1 / 2

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттың интеллектуалдық әлеуетін арттыру бағытындағы бастамалары аясында «Сыныбыммен рухани орда төріндемін» жобасы жүзеге асуда.
    Жоба аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің 10-сынып оқушылары кітапхана төрінде бас қосты.
    Кездесудің мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиет арқылы ой-өрісін кеңейтіп, рухани дүниесін байыту. Сонымен қатар кітапты білімнің, тәрбиенің және тұлғалық дамудың негізгі құралы ретінде насихаттау көзделді.
    Кітапхана – білім мен руханияттың ордасы. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақты кітаппен жақындастырып, ізденімпаздыққа, терең ойлауға, сөз қадірін түсінуге жетелейді. Кітап оқуға құштар ұрпақ – елдің ертеңі. Рухани бай, білімді ұлт қалыптастыру жолында кітаптың алар орны ерекше.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Созақ ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары