1 / 5
Газдандыру жұмыстарының тиімділігін арттыру, тұрғындардың көгілдір отынға қосылу шығындарын оңтайландыру және отандық өнімді қолдау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Дулат Байзақов «Mega Heat» компаниясының өкілдерін қабылдады.
Жиынға газ қазандықтарын өндірумен айналысатын компания басшылығы, тұрғын үйлерге газ тарту және монтаждау жұмыстарын жүргізетін сервистік компаниялардың өкілдері мен басшылары, сондай-ақ көгілдір отынмен қамтылған Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.
Кездесуде «Mega Heat» компаниясының басшысы кәсіпорында өндірілетін газ қазандықтарының техникалық сипаттамаларын, сапалық көрсеткіштерін, бағасын және пайдалану тиімділігін таныстырды. Сонымен қатар өндіріс орнындағы инженер-технолог мамандардың біліктілігі мен өнімнің отандық өндіріс мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде Дулат Есалыұлы тұрғындарды газға қосу барысында ең алдымен бағаның қолжетімділігі мен сапаның басты назарда болуы керектігін атап өтті.
«Бүгінде Үкімет тарапынан отандық өндірісті қолдау, жергілікті кәсіпорындардың әлеуетін тиімді пайдалану және отандық өнімнің үлесін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктелген. Бұл бағыттағы жұмыстар нақты нәтижесін халықтың күнделікті тұрмысынан көрсетуі тиіс. Біз үшін ең бастысы көгілдір отынға қосылып жатқан тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді өнім ұсыну. Егер өзімізде өндірілетін газ қазандықтарының сапасы талапқа сай болып, бағасы шетелден жеткізілетін өнімдермен салыстырғанда едәуір тиімді болса, онда отандық өнімге басымдық беруіміз қажет. Бұл бір жағынан жергілікті өндірісті қолдаса, екінші жағынан тұрғындардың қаржылық шығынын азайтуға мүмкіндік береді», – деген аудан аудан әкімінің орынбасары жиынның негізгі мақсатына тоқталды.
Кездесу барысында тараптар отандық кәсіпорыннан тікелей алынатын газ қазандықтарының бағасы мен тиімділігін бірлесіп саралап, сервистік компаниялардың пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ өнімнің техникалық талаптарға сәйкестігі, сапасы, монтаждау ерекшеліктері және тұрғындарға ұсыну жолдары талқыланды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









