
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқитын ұлт қалыптастыру идеясын жүзеге асыру мақсатында Созақ ауылдық модельді кітапханасы мен «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» әлеуметтік орталығының бірлесе ұйымдастыруымен “Кітап оқитын ұлт - рухани бай ұлт” атты тағылымды іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында «Кітап оқитын ұлт» марафонына ұсынылған кітаптар таныстырылып, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы айтылды. Қатысушылар кітап оқудың адам өміріндегі маңызы, оның ой-өрісті кеңейтіп, рухани дүниені байытудағы рөлі туралы пікір алмасты.

Екі мекеменің ынтымақтастығы негізінде ұйымдастырылған бұл игі бастама кітапқа деген қызығушылықты арттыруға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Кітап оқитын қоғам – білімді де парасатты ұлттың кепілі!