Мойынқұм ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті қызметімен, жұмыс тәртібімен және төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын арнайы техникалар мен құрал-жабдықтармен танысты.
Сонымен қатар, оқушыларға М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі, білім алу мүмкіндіктері және болашақ құтқарушыларды даярлау бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру, азаматтық қорғау органдарының қызметін таныстыру және жасөспірімдердің құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
Осындай кездесулер жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, батылдық пен жауапкершілікті талап ететін мамандықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етеді.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









