Тараз қаласында «Қыс-2026» аясында тактикалық-арнайы жаттығу өтті

    1 / 5

    Тараз қаласындағы №1 аудандық қазандық аумағында «Қыс-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында қысқы кезеңде төтенше жағдай туындаған кездегі күштер мен құралдардың іс-қимылдары бойынша тактикалық-арнайы жаттығуы өткізілді.

    Оқу-жаттығу сценарийіне сәйкес, қазандық аумағында шартты өрт оқиғасы орын алды. Оқиға орнына қажетті күштер мен құралдар жедел түрде жұмылдырылды. Шартты өртті сөндіру барысында құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, қауіпті аймақтан бір адамды құтқарды.

    Оқу-жаттығуға газ қызметінің өкілдері, жедел медициналық жәрдем бригадасы және басқа да тиісті қызметтер қатысты. Қатысушылар шартты төтенше жағдайды жою кезіндегі өзара іс-қимыл, жедел әрекет ету және күштердің үйлесімді жұмыс істеу тәртібін пысықтады.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары