Тараз қаласында жедел әрекет ету жасағының қысқы кезеңге дайындығы тексерілді

    1 / 5

    «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Тараз қаласының орталық алаңында қалалық жедел әрекет ету жасағының саптық байқауы өтті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – қысқы кезеңде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін шұғыл қызметтердің күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.

    Саптық байқауға қалалық жедел әрекет ету бөлімшелерінен 80 жеке құрам қызметкері мен 30 бірлік арнайы техника қатысты.

    Іс-шара барысында бөлімшелердің жасақталуы, арнайы техникалардың техникалық жай-күйі және қысқы кезеңде қойылған міндеттерді орындауға дайындығы тексерілді.

    Мұндай іс-шаралар шұғыл қызметтердің дайындық деңгейін бағалауға, өзара іс-қимыл үйлесімділігін қамтамасыз етуге және ықтимал төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары