1 / 3
Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушыларымен жылу-түтін камерасында арнайы оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығу барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары жоғары температура мен нашар көріну жағдайында әрекет ету, шартты зардап шегушіні іздеу және эвакуациялау дағдыларын пысықтады. Сондай-ақ буынның үйлесімді жұмысы, байланыс тәртібі мен қауіпсіздік талаптарына ерекше назар аударылды.
Мұндай жаттығулар құтқарушылардың физикалық және психологиялық төзімділігін арттырып, нақты өрт кезінде кәсіби әрекет етуге мүмкіндік береді.
Жамбыл облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









