Ұлытау облысы ішкі саясат басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Ұлытау облысы ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ұлытау облысының аумағында ішкі саясат, жастар саясаты және дін салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    «Ұлытау облысы ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ұлытау облысының атқарушы органдар құрылымына кіреді.

    «Ұлытау облысы ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ басқарманың бекітілген Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Республикалық және халықаралық деңгейдегі шығармашылық, журналистік және салалық байқауларға өңірлік БАҚ өкілдерінің қатысуы қандай деңгейде?

    Жауап

    Өңірлік БАҚ өкілдері республикалық және халықаралық деңгейдегі шығармашылық, журналистік және салалық байқауларға тұрақты түрде қатысып келеді. Журналистер түрлі номинациялар бойынша өз материалдарын ұсынып, жүлделі орындарға ие болуда. Бұл өңір журналистикасының кәсіби деңгейінің артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, БАҚ саласы мамандарының тәжірибе алмасуына және кәсіби біліктілігін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуде.

    Сұрақ

    Мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа өңірлік БАҚ-тардың қатысу белсенділігі қандай?

    Жауап

    Мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қатысу белсенділігі жылдан-жылға артып келеді. Конкурсқа телеарналар, газеттер, интернет-басылымдар мен ақпараттық агенттіктер қатысады. Мемлекеттік сатып алу конкурстары заңнама талаптарына сәйкес ашық форматта өткізіледі. Қатысушыларға қойылатын талаптар мен техникалық ерекшеліктер алдын ала жарияланып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл өз кезегінде өңірлік медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Сұрақ

    Облыс көлемінде өтетін қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, спорттық және имидждік іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары қалай жүргізілуде?

    Жауап

    Облыс көлемінде өткізілетін барлық маңызды қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, спорттық және имидждік іс-шаралар тұрақты түрде ақпараттық сүйемелденіп келеді. Ақпараттық жұмыстар өңірлік телеарналар, баспа басылымдары, интернет ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылуда. Іс-шаралар бойынша анонстар, тікелей эфирлер, бейнероликтер, фоторепортаждар мен арнайы материалдар жарияланып, тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, ақпараттық қамтуды күшейту мақсатында қоғамдық пікір көшбасшылары, блогерлер мен БАҚ өкілдері тартылуда.

    Сұрақ

    Азаматтарды марапаттау және алғыс хат беру қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Азаматтарды марапаттау мемлекеттік және жергілікті деңгейде арнайы нормативтік актілер арқылы жүзеге асады. Бұл – мемлекеттік органдардың ішкі ережелері мен әкімдік қаулылары негізінде жүргізілетін рәсім. Марапаттау үшін еңбек жетістіктері, қоғамдық белсенділік немесе ерекше үлес ескеріледі.

    Сұрақ

    Мерекелік концерттер мен кездесулер өткізу тәртібі қандай?

    Жауап

    Мерекелік концерттер мен көпшілік іс-шаралар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен реттеледі. Заңға сәйкес митинг, шеру, концерт сияқты көпшілік іс-шаралар уәкілетті органға алдын ала хабарлау арқылы немесе келісу тәртібімен өткізіледі.

    Сұрақ

    Қоғамдық ұйымдармен бірлескен шаралар қалай ұйымдастырылады?

    Жауап

    Қоғамдық ұйымдармен бірлескен іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісім арқылы жүзеге асады. Мұнда тараптар іс-шараның мақсатын, қауіпсіздік талаптарын және жауапкершілікті алдын ала келіседі. Мұндай жұмыстар қоғамдық бірлестіктер туралы заң және жергілікті әкімдік қағидалары негізінде жүргізіледі.

    Басқа

    Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары «Ұлытау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-де 2026 жылы жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, ішкі бақылауды күшейтуге, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге, мүдделер қақтығысына жол бермеуге және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

    Жарияланды:
    Басқа

    "Ұлытау облысының ішкі саясат басқармасы" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА!

    Ұлытау облысының ішкі саясат басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді «Ұлытау облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына және басқарма басшысының 2026 жылғы 2 наурыздағы №14 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды. Талдау жүргізілген кезең: 2026 жылғы 8 қыркүйек – 8 қазан. Қамтылған кезең: 2025 жылғы мамыр – желтоқсан және 2026 жылғы қаңтар – қыркүйек. Ішкі талдау барысында басқарманың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі, кадр саясаты, мүдделер қақтығысының алдын алу, қаржы-шаруашылық қызметі, мемлекеттік сатып алу рәсімдері, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауы зерделенді. Талдау нәтижесінде басқарманың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және басқарма қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ұсынымдар әзірленді. Атап айтқанда, қаржылық есептілікке ішкі бақылауды күшейту, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, мүдделер қақтығысына жол бермеу, азаматтардың өтініштерін уақтылы қарау және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауына бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастыру ұсынылды. Аталған ұсынымдарды іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету және қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жалғастырылатын болады.

    Жарияланды: