Облыс көлемінде өтетін қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, спорттық және имидждік іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары қалай жүргізілуде?
Облыс көлемінде өткізілетін барлық маңызды қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, спорттық және имидждік іс-шаралар тұрақты түрде ақпараттық сүйемелденіп келеді. Ақпараттық жұмыстар өңірлік телеарналар, баспа басылымдары, интернет ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылуда. Іс-шаралар бойынша анонстар, тікелей эфирлер, бейнероликтер, фоторепортаждар мен арнайы материалдар жарияланып, тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, ақпараттық қамтуды күшейту мақсатында қоғамдық пікір көшбасшылары, блогерлер мен БАҚ өкілдері тартылуда.