Қауіпсіз қоғам – бірлескен міндет

    Түркістан облысы Терроризмге қарсы комиссиясының үйлестіруімен Кентау қаласы №16 «Ю.Гагарин» мектебіндегі және Келес ауданы Бірлесу ауылдық округінің түрлі этнос өкілдеріне, Кентау трансфоматор зауыты мен «Дәуір» бала-бақшасының еңбек ұжымдарына терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша «Қауіпсіз қоғам – бірлескен міндет» тақырыбында кездесулер өткізілді.

    Кездесуде терроризм мен экстремизм идеологияларының таралуын болдырмаудың маңызы ерекше аталып өтті және олардың қоғамға әкелетін қауіптері түсіндірілді.

    Жиынға қатысушыларға күмәнді парақшалардан бақылаусыз ақпарат алу, әлеуметтік желілер мен интернеттегі күмәнді материалдарға сену, сондай-ақ экстремистік мазмұнның жастар мен ересектерге ықпал ету қаупі туралы деректер ұсынылды.

    Ақпараттық-насихаттық топ мүшесі Д.Аманов өз сөзінде қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау әр азаматтың белсенді ұстанымы арқылы ғана мүмкін екенін атап өтті.

    Экстремизм мен терроризмнің алдын алу әрбір деңгейде жүзеге асырылуы қажет екені баса айтылды: мектептерде, отбасында, қоғамдық орындарда және онлайн платформаларда жастарды қауіпті идеологиялардан қорғау жолдары талқыланды.

    Қатысушыларға нақты кеңестер беріліп, ақпараттық сауаттылықты дамыту, экстремистік және террористік мазмұндарды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру қажеттігі жеткізілді.

    Қоғамдағы қауіпсіздікті сақтау, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, күмәнді материалдардан сақтану және ақпараттық кеңістікте саналы әрекет ету — қазіргі заманғы әр азамат үшін маңызды міндеттер болып табылады.

    Кездесу қорытындысымен қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі толық жауаптарын алды.

    Іс-шараға барлығы 100-ге жуық этнос өкілдері мен еңбек ұжымдары қатысты.

    Материал Түркістан облысы ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары