Достық пен бірлік – экстремизмге қарсы күш

    Қазіргі жаһандану дәуірінде әлем қоғамдастығы сан түрлі сынақтарға тап болып отыр. Соның ішінде экстремизм мен радикализм – адамзаттың бейбіт өміріне қауіп төндіретін күрделі құбылыс. Бұл – қоғамның тыныштығын бұзып, адамдардың арасына алауыздық ұялататын қауіпті идеология. Осындай қатердің алдын алуда ең қуатты күш – халықтың достығы мен бірлігі Достық – адамзат баласын жақындастыратын асыл құндылық. Ол ұлтқа, тілге, дінге бөлмей, адамдарды өзара сыйластыққа, түсіністікке жетелейді. Бірлік бар жерде сенім бар, ал сенім бар жерде бейбітшілік орнығады. Қазақ халқы ежелден «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп бекер айтпаған. Бұл сөздің астарында терең мән жатыр. Қоғамның мызғымас тірегі – адамдар арасындағы ынтымақ пен татулық.

    Экстремизм көбіне адамдардың санасын улап, қоғамдағы келіспеушіліктерді күшейту арқылы өз мақсатына жетуге тырысады. Ол әсіресе жастардың аңғалдығы мен өмірлік тәжірибесінің аздығын пайдаланып, теріс жолға жетелеуі мүмкін. Сондықтан жастардың бойында сыни ойлау қабілетін қалыптастыру, зайырлы қоғамның құндылықтарын түсіндіру аса маңызды. Зайырлы мемлекет – әр азаматтың ар-ождан бостандығын құрметтейтін, заң үстемдігін басты орынға қоятын әділетті қоғамның негізі.

    Бірлік – тек бірге өмір сүру емес, ортақ жауапкершілікті сезіну. Әр азамат қоғам тыныштығы үшін жауапты екенін ұғынғанда ғана экстремизмге қарсы мықты қорған қалыптасады. Отбасы, білім беру мекемелері мен қоғам болып жас ұрпаққа бейбітшілік, толеранттылық, өзара құрмет секілді құндылықтарды дәріптеуіміз қажет. Себебі рухани тұрғыдан бай, білімді, саналы адам жат идеологияның жетегінде кетпейді.

    Материал Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары