Астана мен Киншаса арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және цифрлық ынтымақтастық жөніндегі онлайн кездесудің 3-ші раунды өткізілді

    1 / 4

    Астана, Киншаса, Аддис-Абеба, 2026 жылғы 28 қазан– Қазақстанның Эфиопиядағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа арналған дөңгелек үстелдің 3-ші раунды өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарибаев, ал конголездік тарапты Конго Демократиялық Республикасы Сыртқы сауда министрлігінің Бас хатшысы Флориберт Квете басқарды.

    Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллектті енгізу және цифрлық трансформация, көлік пен логистика, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және т.б. салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

    Сондай-ақ кездесуге қатысушылар шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективалары және екі елдің салалық мемлекеттік органдары мен іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі институционализациялау туралы пікір алмасты.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін әртүрлі деңгейдегі кездесулерді жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі" жаңалықтары