Қазақстан мен Эфиопия саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

    Аддис-Абеба, 2026 жылғы 21 қазан– Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің саяси департаментінің басшылығымен кездесу өтті.

    Кездесу барысында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең спектрі талқыланды, сондай-ақ екі ел басшыларының 2026 жылғы қыркүйекте Нью-Дели қаласында өткен БРИКС-тің XVIII саммиті аясындағы кездесуідің нәтижесі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде өзара іс-қимылдың перспективалары қарастырылды.

    Кездесу аясында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, екі елдің іскер топ өкілдері тарапынан ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды орнатуға деген қызығушылықтың артып отырғанын атап өтті.

    Әңгіме барысында сондай-ақ жоғары білім беру, жасанды интеллект және цифрлық даму, энергетика, ауыл шаруашылығы, әскери-техникалық ынтымақтастық, көлік-логистика саласында өзара байланыстылық сияқты бағыттағы салалық мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты бірлесіп үйлестіру контекстінде екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Астана мен Аддис-Абеба арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы парламентаралық дипломатияның ерекше рөлі атап өтілді. Көпжақты форматтардағы ынтымақтастық бойынша мәселелер де қозғалды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастық рухындағы іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы Елшілігі" жаңалықтары