Қанай би және М. Ғабдуллин ауылдық округтері тұрғындарының мәселелері талқыланды

    1 / 8

    Қанай би және М. Ғабдуллин ауылдық округтері тұрғындарының мәселелері талқыланды

    Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин Қанай би және М. Ғабдуллин ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

    Қарауыл Қанай би ауылында өткен кездесуге 32 адам қатысты. Тұрғындар түрлі мәселелерді көтерді. Соның бірі — ауылға кіреберіс жолдың жамылғысын катокпен нығыздау. Аудан әкімі аталған мәселенің шешілетінін жеткізді.

    Дороговка ауылында М. Ғабдуллин ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуге 20 адам қатысты. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды.

    Кездесу соңында аудан әкімі Дороговка ауылында орнатылған балалар ойын алаңымен танысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Зеренді ауданының әкімдігі" жаңалықтары