1 / 5
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтарды кезекті жеке қабылдап, әлеуметтік қолдау және мәдени жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша өтініштерді қарады.
Жеті баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ананың әлеуметтік қолдау туралы өтініші қарастырылды. Сондай-ақ қала тұрғындары «Әлия – 100 жыл» кітабын басып шығару және Fruda театрының мәдени бастамаларын жүзеге асыру мәселелерін көтерді.
Бұдан бөлек, Желтоқсан оқиғаларының ардагерлерін қолдау мәселелері талқыланды.
Қабылдау қорытындысы бойынша өтініштер жұмысқа алынды. Көтерілген мәселелер құзыретті басқармалармен бірлесіп, олардың өкілеттігі мен қолданыстағы заңнама аясында пысықталады.









