Зерендіде халықаралық «Қансонар-2026» турнирінің жеңімпаздары анықталды

    1 / 3

    Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Айдарлы ауылында Мәсіп Батырханұлының есімімен аталатын халықаралық «Қансонар-2026» құсбегілік турнирі қорытындыланды. Республика күні қарсаңында өткен жарысқа Қазақстанның өңірлерінен, Түркия, Ресей және Моңғолиядан келген құсбегілер қатысып, бүркіт, қаршыға және ителгі баптаудан шеберліктерін сынады.

    Жарыс қорытындысы бойынша үш бағытта үздіктер анықталды.

    Бүркіт бағыты:
    🥇 І орын – Уәлихан Шыңғыс (Ақмола облысы);
    🥈 ІІ орын – Тастанбек Байрақ (Ақтөбе облысы);
    🥉 ІІІ орын – Жандарбек Сағидуллаев (Алматы қаласы).

    Қаршыға бағыты:
    🥇 І орын – Берікболсын Жалғасұлы (Жамбыл облысы);
    🥈 ІІ орын – Ерасыл Серкбекұлы (Астана қаласы);
    🥉 ІІІ орын – Ақжол Карчиганов (Ресей).

    Ителгі бағыты:
    🥇 І орын – Теміралі Төлегенұлы (Қарағанды облысы);
    🥈 ІІ орын – Ерлан Кенжетаев (Ақмола облысы);
    🥉 ІІІ орын – Мутлу Кызылбуга (Түркия).

    Осылайша, Ақмола облысының өкілдері екі бағыт бойынша жүлдегерлер қатарынан көрінді. Уәлихан Шыңғыс бүркіт баптаудан жеңімпаз атанса, Ерлан Кенжетаев ителгі бағыты бойынша екінші орынға ие болды.

    Халықаралық турнир барысында ұлттық саятшылық өнері дәріптеліп, әр елден келген құсбегілер тәжірибе алмасты. «Қансонар-2026» қазақтың дәстүрлі мұрасын сақтауға, ұлттық спортты дамытуға және оны халықаралық деңгейде танытуға үлес қосты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Зеренді ауданының әкімдігі" жаңалықтары