Аудан әкімінің халықпен есептік кездесулері жалғасуда

    1 / 9

    Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин Приречное және Ақадыр ауылдарында тұрғындармен есептік кездесулер өткізді.

    Приречное ауылында Приреченский ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуге 37 адам қатысты. Кездесуде түрлі мәселелер, соның ішінде сумен қамтамасыз ету және су мұнарасын орнату қажеттілігі көтерілді. Аудан әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы В.А. Руковишниковке комиссия құрамында аталған елді мекенге барып, зерттеу жүргізуді тапсырды.

    Ақадыр ауылында Шағалалы ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуге 45 адам қатысты. Тұрғындар көтерген мәселелердің бірі Ескенежал ауылында балалар ойын алаңын салуға қатысты болды. Аудан әкімі аталған ауылда ойын алаңын келесі жылы салу жоспарланғанын жеткізді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Зеренді ауданының әкімдігі" жаңалықтары