1 / 4
Аудан әкімі құтқарушылар мен сала ардагерлерін құттықтады
Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин құтқару қызметінің қызметкерлері мен ардагерлерін Құтқарушылар күнімен құттықтады.
Аудан басшысы адам өмірін сақтап, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапты еңбектері, батылдықтары мен кәсібиліктері үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ сала ардагерлерінің көпжылдық еңбегі мен жас мамандарға тәжірибе берудегі үлесін атап өтті.
Аудан әкімі баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және қызметтеріңізге табыс тіледі.









